«Ардагерді құттықта» акциясы

Қарттар күні қарсаңында 9 «в» сынып оқушылары  «Ардагерді құттықта» акциясын өткізді және еңбек-ардагерлері Николаева Любовь Викторовна мен Мухамадеева Роза Газизовнаға барды.  Ардагерлер өздерінің еңбектері басталған жастық жақтарын естеріне түсірді. Мухамадеева Роза Газизовна 38 жыл бойы институтты біріте салысымен ауыл шаруашылығында экономист қызметін атқарды. Ол өзінің өткен жылдары мен әріптестері жайлы жылы лебізін білдірді. Ол өзінің үлкен тәжірибесімен жастармен бөлісті, оларғаи еңбек жолында көмек көрсетті. Екі баланы тәрбиелеп, аяғына тұрғызды. Қазіргі таңда оның  немерелері біздің гимназияда білім алып жатыр, немересі Сакенова Мадина гимназияны аяқтап, Қарағанды мед.колледжінде оқуын жалғастыруда. Николаева Любовь Викторовна 40 жылдан артық №1 орта мектепте қызмет атқарды. Ол өзінің оқушыларының суреттерін сақтап, тамаша мектеп күндерін қайта-қайта қарап отырады. Олар қазір де түлектерінің өмірімен қызығады. Олар сол баяғы мұғалімнің өмірі мен уақытын махаббатпен естеріне түсіреді. Ардагерлермен кездесу өмірдеріне үлкен із қалдырды. Құрметті ардагерлер үлкен рахмет сіздерге! Өмірлеріңіз ұзақ, денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Автор: Джаркина С.М.
Просмотров: 29
Дата создания: 11 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 11 Октября 2017 г.